Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдау өтті

Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ресми қабылдау өтті

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай Анкарада ресми қабылдау өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға түрік елінің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым және іскер топ өкілдері мен елде өмір сүретін қазақ диаспорасы қатысты. Шара барысында жиылған көпшілікке Қазақстан туралы бейнелер көрсетіліп, еліміздің инвестициялық және туризм мүмкіндіктері таныстырылды. Қазақстаннан арнайы шара үшін келген «Адырна» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, опера әншілері мен эстрада жұлдыздары халық әндерін орындап, Ұлы дала өнерін паш етті.
Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Түркиядағы Өкілетті және Төтенше елшісі:
- Қабылдау шеңберінде қазақтың ұлттық тағамдары, отандық өнімдерімізбен бөлістік. Жалпы дипломатиялық қабылдау шеңберінде Қазақстанның қабылдауы өте ерекше өтеді деп айтуға болады. Осы мерекелік шараны түрік бауырларымыз асыға күтеді. Міне, бүгін осы қуанышымызды түрік бауырларымызбен, осында тұрып жатқан қазақ қандастарымызбен бірге бөліскенімізге өте қуаныштымыз.
Ялчын Топчу, Түркия Республикасы Президентінің Бас кеңесшісі:
- Алдымен Мағжан Жұмабай, Мұстафа Шоқай мен дана көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың және оның мақаласында айтып өтілгендей күллі түркінің ата жұрты болып саналатын Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ елі мен халқының әрқашан көк байрағының ең биіктерде желбіреуіне тілектеспін. Түркістаннан бастау алған әділет жүйесі, төрткүл дүниеге үлгі болсын.

13 желтоқсан 2018 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области