Желтоқсанның 19-на арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер желтоқсанның 19-на арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Алматы облысының бірқатар аумақтарында көктайғақ болады.
Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.