Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Туысына алданып, үйсіз қалды

Туысына алданып, үйсіз қалды

Қызылордада пәтер дауы. Баспананы бірнеше жыл бұрын сатып алдық деген 4 балалы отбасы құжаттарының жоқтығынан далада қалып отыр, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ал, құжат бойынша үй иесі олар туысы болғандықтан пәтерде уақытша тұрды дейді. Туысқандар арасындағы баспана дауын қалай шешуге болады?
Жанардың айтуынша, 2011 жылы туысының 2 бөлмелі пәтерін сатып алуға уағдаласқан. Ол үшін кезінде 500 мың теңге төлепті. Тіпті отбасымен сол пәтерге тіркеуге де тұрған. Тек құжатттарын рәсімдеуге асықпапты.
«Туысымның құжаттарды сосын беремін» деген сөзіне сендім. Наурызда үй апатты деп танылып, әкімдік қолыма анықтама қағаз ұстатқан болатын. Туысым Жанар, «мен жаңа үйдің құжаттарын алдымен өз атыма дайындауым қажет, сонан соң сенің атыңа аударып беремін» деген еді. Мен оның сөзіне сеніп, балаша қуанып, әкімдік қолыма берген қағазды оның қолына ұстаттым. Мен алданып қалып тұрмын, мен сеніп қалып тұрмын ол кісіге. Өйткені, ол менің маманың туған ағасының қызы. Туысқан болғасын мен сендім ғой», - дейді көпбалалы ана.
Баспанасына айрылған ана қоныстанған 5 қабатты ғимарат ресми түрде «апатты» деп танылып, тұрғындарға биыл наурызда жаңа пәтер беріле бастаған. Қазір тас-талқаны шыққан бұл нысан 1960 жылдары жатақхана ретінде салыныпты. 130 отбасыға арналған. Кейін әркім өз атына аударып иелік еткен.
Пәтердің құжат бойынша иесі Гүлбақыт Смақова телефон арқылы үйін ешкімге сатпағанын айтты.
«Мен сатқан жоқпын ешқандай пәтер. Жанар Жақыповаға өзімнің туысқан сіңілім болғандықтан, кезінде басқа квартираға шығып кеткендіктен бала-шағасымен отыра берсін деп уақытша отырғызып кеткенмін. 10-11 жыл көлемінде отырды сол үйде. Жатақхана апатқа ұшыраған кезде үй берілді», - дейді Гүлбақыт Смақова.
Ал, құдайы көршілері Жанардың бала-шағасымен далада қалғанына алаңдайды.
«Біз бұл жағдайды бастан-аяқ білеміз. Жанар деген Құдайдан сұраған келіншек. Күйеуі де момын. Үйдің бұрынғы иесі Гүлбақыттың кім екенін де білеміз. Базарда сауда істейді, ақшасы көп, тамы басында жетеді, үйлері бар, машиналары бар. Бәрін тартып алып отыр ғой мынадан. Ақшасы жоқ, қарапайым, қиналып, жылап отыр мына қыз. Обалына қалып отыр. Обал емес пе, балаларының бәрі кішкентай, әр жерде жүр», дейді көршісі Гүлмира Спанова.
Заңгерлер Жанарға құзырлы орындарға арыздануға кеңес береді. Олар бұл мәселені шешудің екі жолын ұсынып отыр.
«Бітім» медиация орталығының мамандары үйсіз қалған отбасыға көмектесуге де әзір.
«Үй екінші азаматшаға сатылған болса, ол егерде рәсімделмеген, дегенімен жағдайды растай алатын куәгерлер болып жатса, Заң тарапынан да, адамгершілік тарапынан да, үйді екінші, сол сатып алған азаматшаға аударып бергені дұрыс болады. Қолымыздағы бар фактілерге сүйіне отырсақ, меніңше, екі арадағы дауды медиация тәртібімен шешкен екі жаққа да тиімді болады. Сатқан азамат оған көнбесе, онда тек жолы құзырлы органдарға арыз жазу болып табылады», - деді «Бітім» медиация орталығының директоры Ләззат Бақтыбаева.

Баспанадан қағылған Жанар әркімнің пәтерін жалдап жүргендеріне 9 ай болған. Азын-аулақ табысы бар отбасы соңғы екі айдың пәтерақысын да төлей алмапты.

19 желтоқсан 2018 ж. 570 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области