Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Пәтерді тіркеу кезінде алаяқтардан сақтануға блокчейн енгізу ұсынылды

Пәтерді тіркеу кезінде алаяқтардан сақтануға блокчейн енгізу ұсынылды

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде блокчейн технологиясын енгізу арқылы алаяқтармен күресуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тіркеу мәліметтерінің болмауы немесе мүліктің уақтылы тіркелмеуі меншік құқығын жоғалтуға алып келетіні белгілі. Мүлікті жалған құжаттармен тіркеу фактілері бар. Сондықтан бұндай әрекеттерге блокчейн технологияларын енгізу есебінен тосқауыл қоюға болар еді. Алаяқтықпен күрес мақсатында блокчейн жүйесін қолдану шаралары Үндістанда енгізілген. Сонымен қатар, оны Украинада, Швецияда және басқа да елдерде кеңінен пайдалану жоспарланып отыр», - деді В.Божко жылжымайтын мүлік мәселесіне арналған Үкімет сағатында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев блокчейн технологияларын енгізу арқылы мемлекеттік органдардағы ашықтық деңгейі айтарлықтай өзгеретінін атап өткен болатын.

24 желтоқсан 2018 ж. 477 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области