Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада Текей батыр есіміне көше берілді

Қызылордада Текей батыр есіміне көше берілді

Бүгін Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне Текей батырдың есімі берілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Мемлекет басшысының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан игі шараға қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Қала әкімі қызылордалықтарды көшеге батыр есімінің берілуімен құттықтап, "Бұл көшеде батыр ұландар дүниеге келсін" деп, ізгі тілегін жеткізді.
Былтыр батырдың 350 жылдығы ел көлемінде аталып өтті. Бүгінгі шара соның жалғасы іспетті.
Текей батыр көшесі Сырдария өзені жағасындағы Тәуелсіздік даңғылынан басталып "Арай" мөлтек ауданы арқылы қаланың орталық көшелерімен қосылады. Ел тәуелсіздігі үшін батыр бабаның есімін таңдаулы көшелердің біріне берілуі үйлесімді таңдау. Ер есімі ел есінде мәңгі сақталуы тиіс.
Текей Қарпықұлы 1667 жыл шамасында дүниеге келген. Әз-Тәукенің сенімді сардары болған, жауына найзасын тіреп талай шайқасқа қатысып халық батыры атанған.

26 желтоқсан 2018 ж. 581 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области