Қызылордалық кәсіпкерлер Түркияда
Қызылордалық кәсіпкерлер Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласына барды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Биыл индустриалдық зонаның ашылуына байланысты, аймақта біршама жоба қолға алынды. Соның бірі, өңірімізде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға үлес қосқан азаматтарға арналған тур. Облыс әкімдігінің бастамасымен қолға алынған жоба тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған.
Соңғы уақытта өңірімізде қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі - жеңіл өнеркәсіп. Тур барысында 7 қызылордалық кәсіпкерлер халық тұтынатын, көпшілік қолданатын киім, шұлық, аяқ киім шығаратын Түркия елінің фабрикаларына барып, жұмыстарымен жақыннан танысты.
Турдың негізгі мақсаты - Сыр елінің тұрғындарына әдемі, сапалы заттармен қамтамасыз ету. Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің дамуына үлес қосу. Ендеше, ел кәсіпкерлері алған тәжірибесін өз игілігіне пайдаланатындарына сенеміз.