Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Ескі базардағы» ретсіз сауда реттеле ме? (видео)

«Ескі базардағы» ретсіз сауда реттеле ме? (видео)

Қызылорда қаласы әкімдігінің бастамасымен «Ескі базар» маңында орналасқан ретсіз сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған шара қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының бірлесуімен өткізілді.
Сауда орындарын ретке келтіру кезінде анықталған заң бұзу фактілеріне сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес жүргізіліп, сатушыларға жергілікті атқарушы орган белгілеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатындығын ескертті.
Шараға қатысушы мамандар бұл істің бір күндік емес екенін айтуда. Базар аумағы сала мамандарының күнделікті бақылауында болады.
Сонымен қатар мамандар базар маңындағы азық-түлік өнімдерін сатушы жеке кәсіпкерлерге тамақтан улану фактілерін алдын-алу бағытында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізді. Мамандар қоғам арасында санитарлық тазалықтың және гигиеналық нормативтердің сақталуын талап етті.
Осы орайда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары тұтынушыларға сатушының азық-түлік өнімдерін сату барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтағандығына көз жеткізіп, жедел ішек аурулары мен тағамнан уланудың алдын алуды ескертеді.





11 қаңтар 2019 ж. 443 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области