Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында балық өсірушілерге 5 млн. теңге субсидия бөлінді

Қызылорда облысында балық өсірушілерге 5 млн. теңге субсидия бөлінді

Қызылорда облысының балық өсірушілеріне 5 млн. теңге субсидия беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы жылдары жергілікті көлдерден орта есеппен жылына 700-800 тонна балық ауланған. Ал 2017 жылы балық өсірушілер небәрі 109 тонна, 2018 жылы 130 тонна ғана балық өсірді. Айтулы мәселені шешу үшін, өңірде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қолға алынды. Оның шеңберінде 2022 жылға қарай балық өсіру кәсіпорындарының санын үш есе арттыру және тауарлы балық тұқымдарын жылына 1000 тоннаға дейін көбейту жоспарлануда. Осы бағытты дамыту арқылы жергілікті зауыттарды шикізатпен қамтамасыз етуге және облыстың су қоймаларындағы су маржандарының көлемін арттыруға жол ашылмақ.
«Биылдың өзінде балық жемі қымбат, сондықтан субсидия бөлу мәселесі қаралған. Облыстық бюджеттен 4 млн 200 мың теңге қаралып тұр. 10 шаруашылық жем сатып алатын болса, әр келі жемге 105 теңгеден субсидия алуға мүмкіндіктері бар. Олармен қазір жұмыс жасап жатырмыз», - дейді облыстық табиғи ресурстар, табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Жалғас Ахметов.

21 қаңтар 2019 ж. 394 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области