Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшы тұрғынына белгісіз хәріппен дастан жаздырған тылсым күш

Қармақшы тұрғынына белгісіз хәріппен дастан жаздырған тылсым күш

Қармақшылық тұрғын қандай тылсымның бұйрығын орындап жүр? Рас болса ол он төрт жылдан бері өзге түгілі өзі де түсінейтін белгісіз белгілерді жазады екен, деп хабарлайды alashainasy.kz.

Жұмбақ жазудың иесі Бауыржан Орынбаев. 31 жаста. Түініксіз жазуларды 17 жасынан бастап жаза бастаған. Бүгінде құпия жазбаларының саны 41 қалың дәптерді толтырып үлгеріпті.
«Бауыржаннан өзі жазып-сызған белгілерді оқып беруін сұрай қалсаңыз ол еш мүдірместен зуылдата жөнеледі. Алайда Бауыржан жазған-сызғандарының мән-мағынасын ашып айтып бере алмайды. Ол оқып жатқанда құдды бір қисса-дастанды жатқа айтып жатқандай әсерге енеді. Бауыржан айтқан сөздерді ести қалсаңыз не араб, не парсы халықтарының көне тілі ме деп қаларыңыз анық. Себебі, әр сөздің дыбыс-ырғағы араб-парсы тіліне өте ұқсас келетінін аңғарасыз. Ал оған белгісіз бір дауыс «осыны жаз-сыз!» деп бұйыратындай», – деп жазады басылымдар.
Бір қызығы, Бауыржан өз жазбаларын дін өкілдері мен ғалымдарға көрсеткенімен, әзірге бұл тылсым күш, белгісіз құпияның сырын аша алмапты. Сіз қалай ойлайсыз? Ол не болуы мүмкін?

23 қаңтар 2019 ж. 511 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области