Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қызылша ауруының 2 жағдайы тіркелген

Қызылордада қызылша ауруының 2 жағдайы тіркелген

Жыл басынан бері Қызылорда облысында қызылша ауруының 2 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Олар Қызылорда қаласы және Жаңақорған ауданында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.
"Науқастанғандардың бірі 1 жасқа толмаған сәби. Екіншісі 33 жастағы ересек адам. Жүргізілген эпидзерттеу нәтижесінде екі жағдайда ауруды жұқтыру кезеңінде Астана қаласында қызылшамен ауырғандармен қарым-қатынаста болғандығы анықталды", - деді Әлия Әбдіқайымова.

Сонымен қатар, науқастанған сәби қызылшаға қарсы егілмеген. Себебі, егу жұмыстары 1 жастан бастап жүргізіледі. Ал, ересек азаматтың егу статусы белгісіз.
Аталған 2 жағдайға байланысты ауру ошағында індетке қарсы және профилактикалық іс шаралар өткізілді. Екі науқаспен байланыста болған азаматтар саны 48.
Айта кету керек, өткен жылдары қызылша ауруымен ауырған науқастар саны тіркелген жоқ. 2016 жылы ғана 1 жағдай тіркелген. Ал, биыл қызылша, қызамық, эпидпаротит ауруларына қарсы алғашқы егумен жалпы 17105 бала егілген, оның 16931-і жасына сәйкес қамтылғандар.
25 қаңтар 2019 ж. 502 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области