Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өңірлердегі оқушылар бұзақылығы: ІІМ Жасөспірімдер комиссиясының шұғыл отырысын шақырды

Өңірлердегі оқушылар бұзақылығы: ІІМ Жасөспірімдер комиссиясының шұғыл отырысын шақырды

ҚР Ішкі істер министрлігі Үкімет жанындағы Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын шұғыл шақыруға бастамашылық жасады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Еліміздің қылмыстық заңнамасына сәйкес, ауырлық тудыратын жағдайда жасалған бұзақылық үшін 14 жасқа толған тұлға қылмыстық жауапкершілікке (ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-інші және 3-тармағы) тартылады. Жасөспірімдер топтасып өздерінің құрдастарына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған кезде дәл осы бап бойынша қылмыстық өндіріс ашылады. Осыған байланысты ата-аналарды, оқу орындарының ұстаздарын жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында балаларға қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа жеткендігі туралы алдын ала ескертіп, ойланбай істелген әрекеттің соңы неге әкеп соғатын айтуға шақырамыз», - деді ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Оның атап өтуінше, мектеп жылдарында аңдамай жасалған әрекеттің соңы жасөспірімнің бүкіл өміріне таңба түсіруі мүмкін.
«Ішкі істер министрлігі Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында орын алған жағдайларды талқылау және ұйымдастыру-тәжірибелік шараларды әзірлеу үшін Білім және ғылым министрлігіне ҚР Үкіметі жанындағы Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысын шұғыл шақыру туралы ұсыныс енгізді», - деді департамент басшысы.

28 қаңтар 2019 ж. 484 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области