Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

Банктерге ипотека бойынша сыйақы алуға тыйым салынады

2019 жылдың 2 ақпанынан бастап банктерге ипотекалық заем төлеу мерзімі 180 күн өтіп кеткеннен кейін есептелінген сыйақыны алуға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бұл түзету жеке тұлғаны (заемшыны) сыйақы бойынша қарызының өсіп кетуінен қорғап, банктердің борышкерге қатысты дер уақытында шара қабылдау жауапкершілігін арттыратын болады», - делінген Әділет министрлігі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2019 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң аясында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңға түзетулер енгізіліп отыр.

29 қаңтар 2019 ж. 445 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области