2 ақпан: Атаулы күндер мен оқиғалар
Ресейдегі әскери даңқ күні - Сталинград шайқасы. 1943 жылы кеңес әскерлерінің Сталинград шайқасында неміс басқыншыларының әскерін талқандауы құрметіне орай бекітілген.
Әзірбайжан жастарының күні. 1996 жылғы ақпанның 2-інде Жастар және спорт министрлігінің бастамасымен, сонымен қатар Әзірбайжан Республикасы Президентінің Жарлығымен бірінші Әзірбайжан Жастарының Форумы өтті.
1913 жылғы ақпанның 2-нен 1918 жылғы қыркүйектің 26-ына дейін Орынборда араб әріпімен қазақ тілінде «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылымның 264 саны жарық көрген. Газетте 20 ғасырдың басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінің ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайына, басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, әдебиет пен мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған мақалалар жарияланып тұрған. Қазақ тілі мен әдебиеті жайындағы А.Байтұрсынұлының, Ә.Бөкейханның, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердіұлының мақалалары басылған.
1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
1999 жылы «Астана» радиосы өз жұмысын бастады.
2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық әуежайдың жаңа ғимаратын ашты. Ғимарат бес деңгейдегі жолаушылар үшін екі негізгі қабаттан және қазақтың киіз үйі тәрізді күмбез ішіндегі үш қабаттан тұрады. Олар алты телескоптық траптармен жабдықталған. Жаңа әуежайдың өткізу мүмкіндігі қауырт шақта тәулігіне 750 жолаушыға дейін болса, жүк терминалы тәулігіне 600 тоннаға дейін өткізе алады.