Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданында жаңадан әлеуметтік нысандар бой көтереді

Қазалы ауданында жаңадан әлеуметтік нысандар бой көтереді

Өткен жылы Қазалы ауданындағы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелерден 800 адамға жер берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазалы ауданының әкімі мәлімдеді.

Оның айтуынша қазір қала мен кенттің аралығында айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. Екі ортадағы 441 гектер жер учаскесіне электр желілері, ауыз су мен газ апару үшін 3,2 млрд теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жасалған.
«Биыл бұл жұмыстар жалғасады. Осы жұмыстар аяқталған кезде біз екі аралықтан 1500 адамға тұрғын үй салу үшін жер учаскесін беретін боламыз. Сонымен қатар, биыл осы аймақтан «Рәміздер алаңы» салынып, Әйтеке би бабамыздың еңселі ескерткіші орнатылды. Жаңа үлгідегі кәсіпкерлік нысандарын салу үшін де жер учаскесі белгіленіп, оған 24 кәсіпкерлік объектісін салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, балаларға арналған ойын-сауық алаңын салу үшін де жері белгіленді», - деді аудан басшысы.

Сонымен қатар бірнеше әлеуметтік нысан салу да бас жоспарға енгізілген. Атап айтқанда, балабақша мен бірнеше мекеменің әкімшілік ғимараттарын /ҰҚК, прокуратура, орман шаруашылығы/ салу үшін жерлері белгіленіп, жобалары әзірленуде.
01 ақпан 2019 ж. 383 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области