Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 5 қыздың өлімі: Уақытша баспананың иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

5 қыздың өлімі: Уақытша баспананың иесі 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Адвокат Жандос Тұяқов Астанадағы ықшамаудандардың бірінде өртке оранып көз жұмған қыздардың өлімі үшін кім жазалануы мүмкін екенін айтты.

Заңгердің пікірінше, қайғылы жағдай үшін уақытша баспананың иесі жазаға тартылуы мүмкін.
Жандос Тұяқовтың сөзінше, уақытша баспананың иесіне уәкілетті органдардан өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны үшін бірнеше рет ұйғарым жіберіліпті. Алайда, ол бұған мән бермеген сыңайлы.
Сонымен қатар Тұяқов уақытша баспананың иесі жазаланады деп нақты айтуға болмайтынын айтты. Себебі бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысып жатыр, дейді ол.
Ал уақытша баспананың иесі жауапқа тартылған жағдайда, ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, Астанада өрт салдарынан бір үйдің 5 баласы көз жұмды: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген. Олардың ең кішісі – небәрі 11 айлық. Түнде олар тірідей өртеніп кеткен кезде, ата-анасы жұмыста болған.
Кеше марқұмдардың денесі жер қойнына тапсырылды. Жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды.


06 ақпан 2019 ж. 447 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области