Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада "Шағын жолдарды дамыту" бағдарламасы әзірленді

Қызылордада "Шағын жолдарды дамыту" бағдарламасы әзірленді

Биыл өңірде "Шағын жолдарды дамыту" арнайы аймақтық бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды. Бағдарлама аясында Қызылорда қаласының шағын аудандарындағы 132 көшенің құрылысы мен жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың халыққа есеп беру жиынында белгілі болды, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Қызылорда қаласындағы шағын жолдарды дамыту бағдарламасы аясында облыс орталығындағы 132 көшеде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Олардың қатарында "Саяхат", "Сәулет", "Арай", "Ипподром" және "Коммунизм", "КБИ", "Шанхай", "Титов" және т. б. бар.
«Жол жөндеу жұмыстары бюджет шығыстарының ішіндегі ең қымбаты екенін айта кеткен жөн. Сондықтан, әрине, күрделі учаскелердің барлығын бірден қамтимыз деп айта алмаймын. Оған бюджеттің мүмкіндігі бола бермейді. Десек те, осы жылы біз қалада «Шағын жолдарды дамыту» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды бастаймыз. Әзірше, осы мақсатқа 3,3 млрд. теңге бөлу жоспарлануда»,-деді аймақ басшысы.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі 3 жылға есептелген.
13 ақпан 2019 ж. 372 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области