15 ақпанда елдің басым бөлігінде күн ашық болады
15 ақпанда Қазақстанның басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жаууы ықтимал. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 30 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман түсуі ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.