Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау ұсынылды

Студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау ұсынылды

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев студенттерді үштік баға үшін шәкіртақыдан айырмау туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БҒМ алқасында студенттерге шәкіртақыны оқу үлгеріміне байланыстырмай төлеу ұсынылған.
"Көпшілік мұғалімнің студенттерге "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлық емес" деген баға қоюға құлықсыз екенін түсінеміз, себебі мемлекеттік білім гранты арқылы оқып жатқан студенттер мұндай жағдайда шәкіртақысынан айырылады. Шәкіртақы студенттерді әлеуметтік қолдау құралы болғандықтан, студенттерге шәкіртақыны "өте жақсы" мен "жақсы" болғанда ғана емес, "қанағаттанарлық" деген баға қойылса да беріп отыру керек деген ұсынысты қолдаймыз", - деді КАЗГЮУ Университеті ректоры Талғат Нәрікбаев.
"Үздіктер мен жақсы оқитындардың арасындағы жағдайды біз де бақылап отырмыз. Бұл идея ақылға қонымды деп есептейміз, бұл жемқорлықты азайтса, студенттеріміздің білімін бағалауды дұрыстаса талқылайық", - деді министр Сағадиев.
Алайда, оның айтуынша, бірінші кезекте қазіргі уақытта шәкіртақының қалай төленіп жүргенін тексеру керек.
17 ақпан 2019 ж. 427 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области