«Саз балшықтың сыры»
С.Айтбаев атындағы облыстық көркемсурет галереясында жас суретші Дәулет Тойшыбаевтың «Саз балшықтың сыры» атты шеберлік сағаты өтті, деп хабарлайды «Сыр бойы» газеті.

– Бала кезімнен сурет салуға әуес болдым. Ал саз балшықты игеру мен одан туынды жасап шығару үшін бар ынтамды салдым. Алғаш рет интернет желісі арқылы үйреніп, кейіннен шеберлік сағаттарына қатыстым. Осы өнермен айналысу және әдемі бұйым болу үшін көңіл-күйің жақсы болуы тиіс. Өзім арнайы ұстаздан білім алмасам да болашақта шәкірт тәрбиелеу ойымда бар, – деді Д.Ділдәбекұлы.
Осындай шеберлік сағаттары алдағы уақытта тағы ұйымдастырылмақ.