Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Нұр Отан" партиясы көпбалалы аналарды қабылдады

"Нұр Отан" партиясы көпбалалы аналарды қабылдады

Кеше "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалына әлеуметтік мәселелермен 40 жуық ана келді, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Олар қоғамдық көліктерге жеңілдіктер, мүмкіндігі шектеулі балаларға, зейнеткерлерге сондай-ақ, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру, тұрғын үй алу жолдарын жеңілдету секілді көптеген мәлелерді көтерді.
Аналарды қабылдауға облыс, қала әкімдерінің орынбасарлары, тиісті сала басшылары қатыстырылып, әрбір ананың мәселелері жеке-жеке тыңдалды. Сонымен қатар аналарды қолдау мақсатында облыста жасалып жатқан жұмыстар таныстырылды. Аймақты осы бағытта тиісті министрліктерге 15-ке жуық ұсыныстар жолданған. Кездесу барысында кейбір мәселелер қосымша ұсыныс ретінде жолданатын болды.
Айта кету керек Мемлекет басышысының тапсырмасымен "Нұр Отан" партиясы жанынан Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес құрылды. Осы кеңес аясында көп балалы аналарды қолдау мақсатында «Бірыңғай әлеуметтік терезе» деп аталатын жаңа жоба бастау алды. Жаңа жоба партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде жұмыс істейді және мемлекет тарапынан берілетін кез келген әлеуметтік қолдау туралы ақпараттар мен нақты көмек алуға мол мүмкіндік береді.

19 ақпан 2019 ж. 465 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области