Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы

Бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылығы

Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

БЖТ табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отқан жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай дара айналысатын, қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға , үй жұмыскерлеріне арналған.
БЖТ төлеушілерге мынандай мүмкіндіктер жасалған:
Бірінші: міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлеріне қол жеткізе алады. Медициналық ұйымды таңдау құқы болады.
Екінші: Зейнетақы жүйесінде еңбек өтілін жинап, базалық және жинақталған компоненттер есебінен үлкен көлемде зейнетақы алатын болады. Бұл орайда БЖТ төлеушілердің базалық зейнетақы көлемі еңбек өтіліне қарай есептеледі.
Үшінші: Еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік және бала туғанда, бала асырап алғанда немесе 1 жасқа дейін бала күтімінде отырғандарға Әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік туады.
Тағы бір артықшылығы, өзінің кіріс көзін көрсете алудың арқасында азаматтардың несие төлеу мүмкіндігі артады.
Яғни енді сіз жүйелі жарна төлей отырып, ресми түрде банктен несие ала аласыз.
БЖТ төлеу өз еркімен, қалауымен жүзеге асырылады. Бұл жүйеге қатысу, қатыспау құқығы азаматтың өз шешіміне байланысты болады.
Бұл орайда бірыңғай жиынтық төлемді төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмаған.
БЖТ-ң (Бірыңғай жинақтаушы төлемінің) мөлшері қала тұрғындары үшін- 1 АЕК (2525 теңге), ауыл тұрғындары үшін – 0,5 АЕК құрайды (тұрғылықты жерінде тіркелуіне сәйкес).
БТЖ төлеуші салықтық органдарына есеп бермейді.
БТЖ үлесі мынандай:
-10% - жеке табыс салығы;
-20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар;
-30 % - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы
- 40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар;

20 ақпан 2019 ж. 451 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области