Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

Қазалыда «Coworking» орталығы ашылды

Қызылорда облысының Қазалы аудандық кітапханасында «Сoworking» орталығы ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұржамал Мырзамұратова қатысып, аудандық кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.
«Қазалы ауданында ашылған көше кітапханасы - республикада тұңғыш рет ұйымдастырылған жоба. Аталған жобаны өзге аудандар да өздеріне үлгі етіп, көше кітапханаларын ашты. Бұл - қуантарлық іс. Бүгінгі күні ашылған «Сoworking» орталығы аудан жастарына қолайлы орын болатыны анық», - дейді Н.Мырзамұратова.
Сондай-ақ Арал, Жалағаш, Жаңақорған аудандарының кітапхана қызметкерлері де қонақ ретінде қатысты.
Айта кетейік, «Сoworking» орталығында жастар мен жасөспірімдер уақытын тиімді өткізе алады. Бұл жерде аудан жастары көптеген қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар, орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.


21 ақпан 2019 ж. 413 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области