Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Роскосмос басшысы Байқоңырдың болашағы туралы айтты

Роскосмос басшысы Байқоңырдың болашағы туралы айтты

Байқоңыр қаласының әкімшілігінде «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин әкімшілік басшылары және қызметкерлермен, қаладағы кәсіпорындар және мекеме басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дмитрий Рогозин Ресей Федерациясы Президентінің грамотасын әкімшілік басшысының орынбасары Николай Адасевке табыстап, байқоңырлықтарға Роскосмостың перспектиалық ғарыш жобалары туралы айтты, деп хабарлады қала әкімшілігінің баспасөз қызметі.
«Петропавлдағы саммиттен кейін «Бәйтерек» жобасын жүзеге асыруға кірісіп жатырмыз. Қазақстан Президентінің үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесінен кейін қазақстандық тарап үкіметті қайта құрып жатыр. Оны бекіткеннен кейін біз жаңа басшылар құрамымен тығыз жұмыс істейміз», - деді Д. Рогозин.
«Роскосмосқа тоқталар болсақ, «Ертіс» зымыраны (бұрынғы «Союз-5») Қазақстанға да, Ресейге де қатысты болғандықтан, осындай атауға ие болды. 2022 жылы сынақ жүргізуді бастаймыз. Сәйкесінше, жаңа пилоттық кеме құрылып жатыр», - деді Роскосмос басшысы.
«Пилоттық бағдарламалар Байқоңырда жүзеге асады. «Союз» бен «Ертіс» жаға зымыраны Байқоңырдан ұшырылады. Сондықтан, «Байқоңырдың» болашағы зор және ол одан әрі қарай дами түседі. Өткен жылдың 11 қазанында Жерге апатты жағдайда оралған экипаж 14 наурыз күні қайта ұшады. Бұл - Алексей Овчинин мен Ник Хейг. Олармен бірге америкалық Кук ханым ұшады», - деп түйіндеді Роскосмос басшысы.

25 ақпан 2019 ж. 337 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области