Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұржа тұсынан өрт шықты деген шешім қабылданды – Бектемір Жұмағұлов

Мұржа тұсынан өрт шықты деген шешім қабылданды – Бектемір Жұмағұлов

Арал ауданының Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты Сорбеткей елді мекеніндегі бастауыш сыныпқа арналған мектептен өрт шықты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Арал ауданы әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов айтып өтті.
Әкім орынбасарының айтуынша, оқиға 23 ақпан күні сағат 10:30 шамасында орын алған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
«Сорбеткей елді мекеніндегі №21 орта мектебінің филиалында өрт шықты деген хабар түсті. Дегенмен бұл оқиға өрт шықты деуге келмес. Себебі бастауыш мектептің мұржасының тұсынан бықсып шамалы өрт шыққан. Өртті мектепте пеш жағатын жұмысшы байқап қалып хабар берген. Оны сол елді мекеннің ерікті өрт жасағы жұмылдырылып, өртті сөндіріп алған», - дейді аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов.
Қазіргі таңда өрттің салдарынан ғимараттың зақымдалған жерлерін қайта ретке келтіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар бастауыш сыныптардың сабақ кестесі де жүргізілуде.
«Бүгінде бастауыш сыныпта 13 оқушы білім алуда. Мектептің зақымдалған аумақтары қалыпқа келтіріліп, сабақ әрі қарай жалғасуда. Яғни, оқу процесі тоқтатылған жоқ. Сондай-ақ от жағу пешін тексеретіндей, үлкен өрт болған жоқ. Тек мұржаның тұсынан өрт шықты деген шешім қабылданды», - деді әкім орынбасары.
Бұл мектеп ғимараты «2006 жыл – Ауыл жылы» болуына орай, сол жылы жас мамандарға арналған тұрғын үй ретінде салынған. Кейін жас мамандар өз баспаналарына қол жеткізген соң, бұл ғимарат бос қалған. 2010 жылы Арал аудандық білім бөлімінің теңгеріміне өткен ғимарат бастауыш сынып ретінде қайта қалыпқа келтіріліп, пайдалануға берілген. 2010 жылға дейін бұл елді мекенде бастауыш мектеп болмаған. Сол уақытқа дейін ауылдағы бастауыш сынып оқушылары Қамыстыбас ауылына қатынап оқыған.
Айта кетейік, өрт оқиғасынан зақымданған ғимаратты қайта қалпына келтіруге елді мекен тұрғындарынан және Қамбаш ауылдық округіндегі №21 орта мектебінің техникалық қызметкерлерінен 15-ке жуық қол күші жұмылдырылған. Қазіргі таңда ғимараттың жарамсыз қабырғалары мен шатырлары жаңартылған.

25 ақпан 2019 ж. 406 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области