Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданының әкімі құрылысы аяқсыз қалған саябаққа қатысты түсінік берді

Арал ауданының әкімі құрылысы аяқсыз қалған саябаққа қатысты түсінік берді

Арал ауданы Сексеуіл кентінде құрылысы аяқсыз қалған саябақтың қазіргі халі мүшкіл, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әу баста бұл жер жасыл желекке оранып, көпшілік серуендейтін орынға айналады деп жоспарланған болатын. Абаттандыруға бөлінген аумақтың жобалық құны 125 млн теңгені құраған еді. Алғашында 5 млн теңге қаржы бөлініп, оған тиісті жұмыстар жүргізілген. Десе де, мердігерлер межеленген жұмыстарды толық орындамаған. Жақында ғана журналистермен жүздескен Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев бұл мәселе бойынша қажетті шаралар атқарылатынын айтты.
«Биыл аудандағы тіректі елді мекендерді одан әрі дамыту жоспарда тұр. Оның ішінде Сексеуіл кенті де бар. Жалпы, өткен жылы Арал қаласында облыс әкімінің қолдауымен рәміздер алаңы ашылды. Ал аудан орталығындағы шағын рәміздер алаңын Сексеуіл кентіне көшіріп, әлгі аумақ абаттандырылып, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Биыл қолға алатын боламыз»,- деді М.Оразбаев.
Айта кетейік, бүгінгі таңда саябақтың аумағы толық қоршалған. Жақында кент жастары бұл жерді «Жастар саябағына» айналдырса деген ұсыныс көтерген еді.

27 ақпан 2019 ж. 428 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области