Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда «Союз МС-12» ғарыш кемесінің экипажы ұшуға дайындықты бастады

Байқоңырда «Союз МС-12» ғарыш кемесінің экипажы ұшуға дайындықты бастады

Басқарылатын «Союз МС-12» ғарыш кемесінің Байқоңырға келген негізгі және қосалқы экипаждары бүгін ғарыш айлағындағы алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

МКС-59/60 негізгі экипажы Роскосмостың космонавты Алексей Овчинин, NASA астронавтары - Ник Хейг және Кристина Куктан құралған. Қосалқы экипаж құрамында Роскосмос космонавты Александр Скворцов, ESA астронавты Лука Пармитано және NASA астронавты Эндрю Морган бар.
Алдағы екі аптада экипаждар Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкерлерді даярлау орталығының оқу-жаттығу кешенінде дайындалады. Ғарышкерлер күнде дене дайындығымен айналысып, медициналық тексерістен өтеді.
Бүгін ғарышкерлер ғарыш айлағындағы алғашқы жаттығуы кезінде ғарыш кемесіне барып, борт құжаттарымен танысты әрі борт жүйелері бойынша тестілер тапсырды.
«Союз МС-12» ғарыш кемесі орнатылған «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыранын Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылғы 14 наурыз күні ұшыру жоспарланған.

28 ақпан 2019 ж. 405 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области