Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада миллиондап бәс тігіп, карта ойнап отырғандарға шабуыл жасалған

Қызылордада миллиондап бәс тігіп, карта ойнап отырғандарға шабуыл жасалған

Қызылордада жеке үйге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған оқиға 2018 жылдың шілде айында орын алған. Қылмыскерлер жеке үйлердің бірінде көзір ойналатынын, онда бірнеше миллион теңге бәс тігілетінін алдын ала білген. Соған сәйкес жоспар құрады. Әрбірі өзі атқаратын міндеттерін бөліседі.
Бару үшін арнайы жеңіл көлік әзірлейді. Осыдан соң өздерінің әрекетіне кіріседі. Әлгі үйге барып аулада отырған адамдарды көріп, мылтықпен оқ атады. Оқтан бір адам ауыр жараланып, ол ауруханада көз жұмды. Дегенмен қылмыстық топ мүшелері бой тасалап кете алған жоқ. Полиция құрығына ілікті. Олардың арасында сол уақытта кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім де бар болып шықты.
Аталған істі қараған Қызылорда облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Адамдарға қарумен шабуыл жасаған екі қылмыскер 17-19 жылға бас бостандығынан айрылса, қалған төртеуі 6-8 жыл аралығында осындай жазаға тартылды.

04 наурыз 2019 ж. 392 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области