Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

7 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

2005 жылы Парижде, ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде қазақстандық танымал суретші Ерболат Төлепбайдың көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Парижде тіркелген дипломаттар, Францияның танымал саясаткерлері мен өнер қайраткерлері, шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері, өнерсүйер қауым қатысты. Ерболат Төлепбай - Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның Көркем академиясының нақты мүшесi, Масарык атындағы Чех көркем академиясының мүшесi, «Платина Тарланының» иегері.

2006 жылы тәулігіне 32 тонна ұн тартатын екі диірмен Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Жантеке ауылында іске қосылды. Диірмендерді қатарға қосқан «Ақжол-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Мақсат Е» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау қоры осы мақсаттар үшін 7,5 млн теңге қаржы бөлді, оның бес миллионы жоғары технологиялық жабдықты алу үшін жұмсалды.

2007 жылы Астанада Қазақстан Республикасының «Электрондық үкiмет» веб-порталы жаңа нұсқасының көрсетілімі болып өтті. Портал республиканың барлық мемлекеттiк органдарының ақпараттық қорына электрондық рұқсат беретін бiр терезе қағидасы бойынша жұмыс iстейдi.

2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Ана күнін атап өтуді ұсынды.

2012 жылы «Қазақстандық менеджмет, экономика және болжау институты (КИМЭП) мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, «КИМЭП Университеті» АҚ атауына ие болды.

2013 жылы АО «Эйр Астана» АҚ мен Turkish Airlines кодшерингтік келісім жасасуға ниет хатына қол қойды.

2013 жылы Лондонда қазақстандық суретшілердің «Жол айрығында» атты экспозициясы ұсынылды.

2014 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Мәдениет министрлігі болып қайта құрылды.

2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Реабилитациялау және банкроттық рәсімдерін жүргізген кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Реабилитациялау және банкроттық туралы» заңға қол қойды.

07 наурыз 2019 ж. 757 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области