Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Динара Сәтжан: Мен тоқал емеспін

Динара Сәтжан: Мен тоқал емеспін

Белгілі тележүргізуші, бизнесвумен Динара Сәтжан ешкімнің тоқалы емес екенін, бүгінгі жетістікке тек өз еңбегімен жеткенін ашық айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

“Егер мен 50 келі артық салмақ қосып, сырт келбетім ешкімді қызықтырмағанда, маған мұндай сұрақтар қойылмас па еді, бәлкім. Бірақ әзірге мен арықпын, жаспын, спортпен шұғылданамын, соған қарағанда мұндай сауалдар маған үнемі қойылатын сияқты. Бұған етім әбден үйренген. Жұрт көңілдесі бар деп үнемі айтады. 18 жасымда мансабымды ең алғаш бастаған уақытта, әсіресе 26 жасымда, тасым өрге домалаған кезде, бәрі “бір демеушісі бар” дейтін. Алайда, ешқашан қызметте біреумен көңіл жарастырған емеспін. Күйеуім тамаша адам болды, ажырасқаннан кейін де екеуміз арадағы сыйластықты сақтап қалдық. Мені ұнатқан, соңымнан жүрген адамдар болды. Әдемі ғашықтық хикаяларын да бастан кешірдім, бірақ Динара Сәтжанды демеген қалталы адам болған емес”, – деді тележүргізуші.
Ол пәтер мен көліктерді әкесі мен бұрынғы жұбайы сыйлағанын атап өтті.
“Көбісі ойлайтындай, мен тоқал емеспін. Біреудің тоқалы болуға тым тәуелсіз адаммын, өз-өзімді қамтамасыз ете аламын. Мен махаббатты, шынайы сезімді қалаймын”, – деді Сәтжан.
Сондай-ақ, тележүргізуші жылдық кірісі қанша екенін де жасырмай айтты.
“Жылына 200 мың долларға (шамамен 75 миллион теңге) жуық ақша табамын”, – деді ол.

12 наурыз 2019 ж. 447 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области