Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мектеп директорлары демалыс бөлмесін жасақтап алған

Қызылордада мектеп директорлары демалыс бөлмесін жасақтап алған

Қызылордада 335 білім беру ұйымдарына тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Өңірде 52 мектеп директорының кабинеттері рұқсат етілген аумақтан артық деп танылған. Кейбір мектеп директорлары өздеріне демалыс бөлмесін де жасақтап алған. Осы ретте «Адалдық алаңы» жобасы аясында өңірдегі 335 білім беру ұйымына тексеру жүргізілді. Нәтиже қандай? Облыс орталығында орналасқан №136 мектеп-лицейінің директоры кең кабинетін робототехниктерге босатып берді. Үйірмедегі 5 құрастыру кешені арқылы қазір 250 оқушы түрлі жобалармен шұғылданып жүр.
«Алдағы уақытта бұл кабинетті үлкейту жоспарда бар. Келесі оқу жылында кабинетті үлкейтіп, әрі қарай жұмыс жүргізе береміз. Оқушылар саны 400-500-ге жеткізу жоспарда бар», - дейді №136 мектеп-лицей директорының міндетін атқарушы Қалдыгүл Жұмабекова.
Ал мыңнан астам бала білім алатын №233 орта мектеп басшысының жоғарғы қабаттағы жайлы бөлмесіне бастауыш сынып оқушылары жайғасып алды. Директордың өзі мектепке кіреберістегі киім ілетін орынды жаңғыртып, жарақтандырып, сонда орналасты. Жалпы өңірдегі мектеп директорлары жазғы демалыс уақытында түгел төменгі қабатқа түсетін болады.
«Мектепке келген ата-ана басшы кабинетін іздеп жүрмейді, бірден 1-қабатта кездесіп, өзінің ұсыныстарын айтуға мүмкіндік алады. 2-3 қабатта орналасқандардың 30 шақтысы қазір 1-қабатқа орналасып, артық алаңдары жойылды. Оларда қосымша білім беру үйірмелеріне оның ішінде музыканы, ІТ технология және ҰБТ-ға дайындау курстары, үйірмелерге босатып беріп отыр», - дейді МҚІСЖҚА департаменті басшысысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Түрлі деңгейдегі әкім-қаралар да енді жұрттан бөлектенбей, қызметкерлерімен бірге отырады. Қала іргесіндегі Тасбөгент кентінің әкімі мен орынбасары өңірде алғаш болып қымталған қабырғасын бұздырып, кабинетін әйнекпен көлегейлеп қойды. Мақсат халықпен ашық, жариялы түрде жұмыс істеу.
19 наурыз 2019 ж. 499 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области