Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Егемен Қазақстан» газетінің атауы 100 жылда сегіз рет өзгерген

«Егемен Қазақстан» газетінің атауы 100 жылда сегіз рет өзгерген

Қазақтың жоғын жоқтап, барын дүйім жұртқа паш етіп, ұлттың үнжарғысы болған басылым - «Егемен Қазақстан» газетіне 100 жыл, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Мерейлі мерекенің шымылдығы наурыздың басында Семейде ашылған болатын. Ол Алматыдағы ұлттық кітапханада «Ұшқыннан Егемен Қазақстанға дейін» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты.
1919 жылы Орынбор қаласында «Ұшқын» болып жарық көрген басылымның аталуы бір ғасырда сегіз рет өзгерді. Мәселен, әр жылдары «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» болып жарық көрді. Қазір 200 мың таралымы бар газеттің мерейтойы бұдан әрі Қызылорда, Түркістан және Орынбор қалаларында аталып өтпек. Газеттің бір ғасырда жарық көрген тігінділері сандық нұсқаға көшірілген. Оны алдағы уақытта оқырмандар ғаламтордан да көре алады. Сондай-ақ жүз жылда газет бетінде жарияланған ең өзекті мақалалар жинақталып, бес томдық кітап болып жарыққа шығады.
«1923 жылдан бастап ол газет біздің қорда жатыр. сандық түрге көшірдік. Бәрі сақталған. Қалғанын 2006 жылдан бастап, Егемен Қазақстан өзі электронды нұсқасын шығарады. Біз оны алып оқырмандарға пайдалануға береміз. Мерзімді басылымдар қызметі бар. Сонда компьютерлер тұр. Сонда электронды нұсқалары бар», - дейді ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Бақытжамал Оспанова.

19 наурыз 2019 ж. 882 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области