Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

31 наурыз: Оқиғалар мен атаулы күндер

1995 жылы «Қазпошта» әлемдік мәдениет қайраткерлері мен ұлы Абайдың (Ибраһим) 150 жылдығына арналған пошталық маркаларды шығарды.
1998 жылы Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен Қазақ ұлттық музыка академиясы (ҚазҰМА) құрылды.
2004 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» АҚ құрылды.
2011 жылы Алматы қаласының маңында режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» фильмінің түсірілімі басталды.
2014 жылы Мемлекет басшысы халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2015 жылы Алматыда «Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасында «Қазақ хандығына - 550 жыл» көрмесінің ашылуы өтті.
2016 жылы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Вашингтон қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында Қазақстан мен АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік және таратпау саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
31 наурыз 2019 ж. 596 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области