Қызылордадағы апат: марқұм сарбаздардың отбасына баспана беріледі
27 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 әскери қызметші көз жұмды.Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzSputnik Қазақстан,а сілтеме жасап.
Авиация генерал-майорының айтуынша, апаттан көз жұмған сарбаздардың отбасына заң аясында міндетті түрде көмек көрсетіледі.
"Қазақстан заңына сәйкес, апаттан көз жұмған әскери қызметшінің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл – сарбаздың 5 жылғы жалақысына тең. Сондай-ақ отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқығы бар. Сарбаздарды жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сонымен қатар отбасындағы адам басына байланысты баспана өтемақысы төленеді", - деді Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.