Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада парадзюдодан халықаралық турнир өтеді

Қызылордада парадзюдодан халықаралық турнир өтеді

Қызылордада парадзюдодан ересектер арасында халықаралық турнир өткізіледі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Турнир «Мұз айдыны» с|порт кешенінде өтеді. Мұндай шара Сыр өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шара 5 сәуір күні жалауын көтереді. Оған АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі, Грузия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Оңтүстік Корея және Қазақстан елдерінің парадзюдошылары қатысады деп күтілуде.
Халықаралық турнир ерлер және қыздар арасында өтеді. Жігіттер 60 , 66, 73, 81, 90, 100, 100 келіден жоғары салмақта өткізілсе, қыздар 57 және 70 келіде шеберлік байқасады. Аталмыш шараны Қызылорда облысының әкімдігі мен еліміздің Парадзюдо федерациясы ұйымдастырып отыр.
Парадзюдо жігіттер арасында 1988 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қосылса, қыздар арасында аталмыш дүбірлі додада 2004 жылдан бері жүлделер үлестіріліп келеді.
Соңғы жылдары Қазақстанда парадзюдо кеңінен қанат жайды. Былтыр қызылордалық Олжас Оразалыұлы парадзюдодан Лиссабонда өтіп жатқан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.
03 сәуір 2019 ж. 413 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области