Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БОЛАТБЕК СҮЛЕЙМЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БОЛАДЫ

БОЛАТБЕК СҮЛЕЙМЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДЗЮДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БОЛАДЫ


Қызылорда қаласында 6-7 қазан күндері Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовті еске алуға арналған дзюдодан 1999-2000 жылдары туылған жастар арасында халықаралық турнир өтеді.
Биыл 18-ші мәрте ұйымдастырылатын дүбірлі бәсекеге еліміздің облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық татами шеберлері 16 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.
Жарыс ұлдар арасында 8 салмақта: 55, 60, 66, 73, 81, 90, 100, +100 келі, қыздар арасында 8 салмақта: 44, 48, 52, 57, 63, 70, 78, +78 келіде өтеді.
Мақсаты - Қармақшы ауданының құрметті азаматы Болатбек Сүлейменовты еске алу, саламатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында дзюдо күресін кеңінен насихаттау, жас палуандардың шеберлігін шыңдау, жастарды достыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
6 қазан сағат 10.00-де «Евразия» спорт кешенінде жарыс басталса, 12.00-де салтанатты ашылуы өтеді. Жарыстың бас төрешісі: Ришат Бурлов (Қызылорда).
04 қазан 2018 ж. 603 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области