Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бокстан университетте ұйымдастырылған жарыс аяқталды

Бокстан университетте ұйымдастырылған жарыс аяқталды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған бокстан жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушылары арасында өткізілген облыстық ашық біріншілік аяқталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 
Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған дода төрт күнге созылды. Командалық есеп бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жеңіске жетіп, 14 медаль қанжығалады. Оның төртеуі алтын, төртеуі қола, алтауы күміс медаль.
Біріншіліктің жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Бокстан Ұлттық құрама капитаны, Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев марапаттады.
Айта кетейік байрақты бәсекеге облысымыздың барлық аудандарынан 110-ға жуық жас былғары қолғап шеберлері қатысып, жоғары және орта оқу орындарынан 16 команда жасақталды. Шараның ұйымдастырушылары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасы және студенттік кәсіподақ комитеті. Сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының «Тұран» филиалы.

03 сәуір 2019 ж. 396 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области