Студенттер арасында бокстан дәстүрлі жарыс басталды
Жастар жылына орай Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен студенттер арасында бокстан дәстүрлі сайыс өз жалауын көтерді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде 28 спортшы өнер көрсетті.
Дүбірлі додаға аймақтың барлық аудандарынан 110 ға жуық жас былғары қолғап шеберлері қатысып, жоғары және орта оқу орындарынан 16 команда жасақталды.
Айта кетейік ерлер он салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, қыздар төрт салмақта сынға түсетін болады.
Студенттер арасында өткізілетін шара биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасы және студенттік кәсіподақ комитеті, «Нұр Отан» партиясының «Тұран» филиалының ұйтқы болуымен қолға алынған жарыстың бұқаралық спортты дамытуда да алар орны айрықша.