Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі талқыланды

Аралда тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі талқыланды

«Облыста тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы» уақытша комиссияның Арал ауданы әкімдігінің активімен бірлескен мәжілісі өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Тәуелсіздік алғаннан бері өнер мен мәдениет саласын дамыту және тарихи-мәдени мұраларымызды жинақтап, оны қорғау мен тиімді пайдалануға, сақтауға және қалпына келтіруге ерекше мән беріліп келеді. Төл тарихымызды тереңнен тартып, түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Сапар Көзейбаев арнайы қатысты.
Мәжіліс барысында Арал ауданы бойынша тарихи-мәдени мұраларды пайдалану мен қорғаудың жай-күйі және оны жақсарту шаралары туралы аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан басшысы комиссия мүшелеріне алғысын жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі.

04 сәуір 2019 ж. 406 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области