Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұр-Сұлтан - Токио бағытында ұшатын рейстерге қаржы бөлінді

Нұр-Сұлтан - Токио бағытында ұшатын рейстерге қаржы бөлінді

Қазақстан үкіметі Нұр-Сұлтан мен Токио бағытындағы тікелей рейстерге 1,45 миллиард теңге қаражат бөлді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kzTengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл бағыт екінші жартыжылдыққа жоспарланып жатыр, ұшу жиілігі аптасына екі рейс. Қаржыландыру бағыт экономикалық тұрғыда өзін ақтағанша жалғасады. 2019 жылдың 30 қаңтарында үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың соңына дейін АҚШ, Жапонияға тікелей бағытта ұшатын рейстерді қосуды тапсырған.
«Өткізілген талдаудың нәтижесі бойынша Жапонияға бағыт алатын рейс 2018 жылда аптасына 142 жолаушыны тасиды, оған қоса бағыттың ұзақтығы экономикалық тұрғыдан қолайсыз болып саналады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мұндай бағыттағы рейстер алғашқы 2-3 жыл қаржылық тұрғыда өзін толықтай ақтамайды. Себебі ұшақ 20-40 пайыз жолаушылармен ұшса ол өзін ақтамайды, рейсте тек жолаушылардың 70-80 пайызынан кем болмауы экономикалық тұрғыда өзін ақтайды, сондықтан пайдасы тиімді болатын бағыттарға қосымша қаржыландыру жоспарланып жатыр, бұл тәжірибе шет елдерде де қолданылады», - деді Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.
05 сәуір 2019 ж. 314 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области