Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ас пен құдайы тамақтарда сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы уағыз айтылады

Ас пен құдайы тамақтарда сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы уағыз айтылады

Қызылорда облысында құдайыларда, астарда сыбайлас жемқорлықтың зияндылығы туралы уағыздар айту туралы бастама көтерілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Бұл туралы аймақтағы түрлі діни ұйымдардың өкілдері қатысқан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» атты дөңгелек үстелде айтылды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық ішкі саясат басқармасы және Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған шараның мақсаты - діни бірлестіктердің әлеуетін пайдалана отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтарды, оның ішінде жамағатты, діни қауым мүшелерін (прихожане) тарту.
"Бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жетекші құрал бола алатын діннің қоғамдық процесстерге ықпалы жыл сайын артып келеді. Дін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыруда үлкен әлеуетке ие. Сондықтан Департамент тарапынан халық көп жиналатын орындарда, құдайыларда, астарда мен өзге де діни іс-шараларда жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды", - дейді Департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.
Жиында сөйлеген Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов және Православтық шіркеу жетекшісі В.Иваншинин кісінің ақысын жеу, аманатқа қиянат жасау, пара беру мен пара алу, тіпті пара беруге үгіттеу де күнә екендігін айтты.
"Түпкілікті мақсатымыз бен міндетіміз - халықты имандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке шақыру болғандықтан, халық арасында рухани адамгершілік пен адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттауда бірлесіп жұмыс жасауды бірауыздан қолдаймыз", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Абуов.
Елімізде соңғы жылдары дінге бет бұрғандардың қатары артқан. Оның ішінде дін талаптарын ұстанатын жастар саны өскен. WIN/Gallup халықаралық ұйымының мәліметі бойынша елімізде өзін діни адаммын деп есептейтін азаматтардың үлесі 64 пайызды құрайды.
08 сәуір 2019 ж. 450 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области