Шиеліде 260 жаңа жұмыс орны ашылады
Шиелідегі цемент зауыттың құрылыс кезеңінде 1200 адам жұмыспен қамтылып, зауыт толық іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық- иновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын маңызды жобаның бірі – Шиелі ауданындағы «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның жылына 1 миллион тонна томпанажды цемент шығаратын зауытының құрылысы.
«Гежуба Шиелі Цемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалық құны 64 млрд. теңге. Аталған зауыт толықтай іске қосылғанда жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығаратын болады.
«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы»ЖШС өз қаражаты есебінен аудан тұрғындарының арасынан Қытай Халық Республикасында 46 жас маман қайта даярлау курсынан өтіп, бүгінгі күнге аудандағы цемент зауытына тұрақты жұмысқа орналастыру үшін әр қайсысымен жеке-жеке еңбек шарты жасалуда. Бұған қоса «Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде» 80 жас маман қайта даярлау курсынан өтуде. Оқудан өткен азаматтардың барлығы Цемент зауытына тұрақты жұмысқа орналасатын болады.
Шиелі ауданы әкімдігі екі мемлекет арасындағы уағдаластыққа сай аталған зауыт құрылысы орналасатын индустриалды аймақтан 50 гектар жер бөлді. Нақты кезеңде оның 4 гектарына қызметкерлерге арналған жатақхана және басқа да әлеуметтік құрылыстар бой көтеріп үлгерді. Ал қалған 46 гектар жер теліміне зауыт құрылысы мен оған тиесілі өндірістік ғимараттар орналасады. Бірлескен кәсіпорынның өңірімізде құрылысының қарқын алуы елдің даму мүмкіншілігі артқандығының көрінісі. Сонымен қатар Тұңғыш Президен Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында атап көрсеткендей, әлемдік жаһандану талабына сай қол жеткен жетістіктерге малданып қалмай, алға жылжу әрекетінің белсенділігін көрсетсе керек.