Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақтың ұлттық тағамы бұжы мен әсіптің айырмашылығы неде?

Қазақтың ұлттық тағамы бұжы мен әсіптің айырмашылығы неде?

Қаржыгерлік мамандығын тастап, ауылда өз кәсібін дөңгелеткен маңғыстаулық келін Мадина Лепесбаевақазақтың бұжы мен әсіп тағамдарының қандай айырмашылығы барын айтып берді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.Жас келіншектің айтуынша, тағамдардың бірі тіскебасар ретінде дастарханға қойылса, енді бірі ыстық тамақ ретінде қонаққа тартылады екен.
«Бұжыны көп өңірлерде әсіппен шатастырады екен. Бірақ негізі қазақтың ұлттық тағамдарының қатарында бұжы да, әсіп те бар. Айырмашылығы әсіптің құрамында малдың ішкі құрылысы: өкпе, бауыр, жүрек, күрішті тұз, бұрышпен араластырып жасаса, ал бұжыда тек қана іш май, ет және бауыр болады.Әсіпті тіскебасар ретінде дастарханға ұсынса, ал бұжыны етпен, қазы-қарта, жал-жаямен бірге, бешмармақпен қатар береді», - деп түсіндірді келіншек.
Сондай-ақ ол бұжының қазіргі рецептісінде кейбір өңірлер картоп та қосатынын айтты.
«Бұрындары картоп қоспаса да, қазір қосып жатады және оны тек қойдың қарнына салып жасайды. Сосын тағы бір айырмашылығы әсіпте бәрін еттартқыштан өткізсе, бұжыда қолдан турап әзірлейді», - дейді Мадина Лепесбаева.
13 сәуір 2019 ж. 1 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области