Белкөлде емхана құрылысы басталды
Қызылорда қаласының іргесіндегі Белкөл кентінде жаңа емхана құрылысы басталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Құрылыс жұмыстары халықтың сұранысына сай жүргізілуде. 100 келушіге арналған күндізгі амбулаториялық емхана құрылысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында қолға алынып отыр.
Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кент тұрғындарын осы игі бастамамен арнайы құттықтады. Сондай-ақ шаһар басшысы құрылыстың алғашқы кірпішін қалады.