Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі медициналық онлайн кеңесші жасап шығарды

Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі медициналық онлайн кеңесші жасап шығарды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2016 жылғы түлегі Жанерке Ермахан «i-teka» біріңғай анықтамалық жүйеге енетін медициналық онлайн кеңесшісін жасап шығарды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Жанерке Ермахан бүгінде Астана медицина университетінің 3 курс студенті.
«I-teka» медициналық портал жүйесі – телефон анықтамалығы мен ғаламтор сайттары бар, мобильді қосымша арқылы емделушілерге қажетті дәріханаларды, дәрі-дәрмектерді, медициналық мекемелерді және дәрігерлерді табуға көмектесетін онлайн құрал.
Наурыз айында аталмыш компания жоғары оқу орындарының студенттері арасында автоматты чат-боттарды әзірлеуден байқау жүргізген болатын. Нәтижесінде Ас Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі – Жанерке Ермахан дәл әрекет ететін алгоритмі бар кеңес беруші роботты жасап шығарды. Бұл электронды оператор конкурс жеңімпазы атанды.
«Емделушімен сөйлесу барысында чат-бот диагноз қойып, қажетті маманға көрінуді ұсынады. Және де уақытша ауруды басатын дәрі-дәрмектерге кеңес беріп, ауруды аңықтау үшін қандай медициналық тексеруден өту керектігін айтып береді», –деді Жанерке.
Бүгінде үздік студент жоба бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Жоба аяқталысымен «I-teka» медициналық портал жүйесінде іске қосылатын болады.
Денсаулық сақтау саласын жақсартуға бағытталған Жанеркенің тағы бір инновациялық IT идеясы Хакатон республикалық байқауда топ жарды. Еліміз бойынша озық жобалары бар көптеген жастар қатысқан Астана медицина университеті мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ және денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп өткізген сайыста Жанерке халықтың медицинадағы білімін арттыруға бағытталған жаңа мобильді қосымша әзірледі. Тақырыптың өзектілігін ескерген әділ-қазылар жас өнертапқышты жүлделі үшінші орынмен марапаттап, байқаудың бас демеушісі «1С» команиясы жобаны жүзеге асыруға қаржылай сыйақы табыстады.

12 сәуір 2019 ж. 505 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области