Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Байқоңырда көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Байқоңырда 2 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz«Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Соның ішінде 535 қазақстандық азаматтың тең жартысы алдағы мамыр айында баспаналы болмақ. Қазір 50 пәтерлік 5 үй инженерлік желілерге қосылып, аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Республикада «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатқан аймақтың бірі – Қызылорда облысы десек, одан Ресейге жалға берілген Байқоңыр қаласы да шет қалмаған. Мемлекет қаржысына салынған арендалық үйлердің негізгі құрылысы бітіп, аулаға кірер жолдар мен ойын алаңдары салынып жатыр.
«Республикалық бюджеттен 1 млрд 899 млн теңге, облыстан 1 млрд 808 мың теңге бөлінді. 32 млн электр желісіне, 69 млн канализация, ауызсу жүйесіне қосылу үшін бөлінді және де газдандыру, абаттандыру, телефонмен қамтамасыз ету 142 млн теңге», - дейді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев.
5 қабатты сәулетті 5 үй қазақстандық көгілдір отын арқылы жылытылады. Жаңа үйге қоныстанушылар ресейлік жылу тарату тарифінен бірнеше есе төмен бағада төлейтін болады.
«РФ қарайтын жылу орталығына қосуды есептегенімізде жоба сметасы 380 млн теңгег үстінде. Ал автономды бу қазандығы құрылысы 128 млн жобасында», - дейді ауданы әкімінің орынбасары.
Коммуналдық шығындардың арзандауы ол халық жағдайына тікелей әсер ететіні белгілі.
Қазақстандық тарап таяу уақытта тағы 3 қабатты 6 үйдің құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Сол кезде Байқоңырдағы тұрғын үйге зәру Қазақстан азаматтары толық баспанамен қамтылады.
15 сәуір 2019 ж. 328 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области