Байқоңырда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде
2019 жылы Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов QYZYLORDA арнасының «Өзекжарды» бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kyxylorda-news.kz.
Сұлтан Мақашовтың айтуынша, Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысына 2017 жылы облыстық бюджеттен 25,0 млн теңге, 2018 жылы республикалық бюджеттен 1899,0 млн теңге және облыстық бюджеттен 108,3 млн теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
«Тұрғын үйлердің құрылысы 2019 жылы аяқталып, ел игілігіне беріледі», – деген аудан әкімі.
Айта кетейік, Қармақшы ауданындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд 525 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,9 есе артты.