Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Темірбек Жүргенов рухы – қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі

Темірбек Жүргенов рухы – қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі

Қармақшы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Жүргеновті ұлықтау мақсатында «Темірбек Жүргенов рухы – қазақы дүниетаным және ұрпақ тәрбиесі» атты танымдық шарасы өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.Оқу-ағарту ісінің талмас жанашыры, мәдениет пен әдебиет саласының майталманы әрі дарынды ұйымдастырушысы болған Темірбек Жүргеновтің тағылымды өмір жолы көпшілікке таныстырылды.
Шараның ашылуында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев қазақы қалпымызды сақтауға және мәдениетіміз бен өнерімізді дамытуға орасан зор үлес қосқан ардақты азаматтың руханият тарихында алатын орны бөлек екенін жеткізді.
Сонымен бірге Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәпен Аңсатов қоғам қайраткерінің айтып кеткен мақсаты мен Елбасының рухани жаңғыру тақырыбы екеуі біріне бірі дәл келіп, ұштасып тұрғанын айтты. Қор төрағасы қайраткерді кейінгі ұрпаққа таныстыру жолында алтын көпір болып, жастар санасында ғасырдан ғасырға жол салуына атсалысу қажет деген пікірімен бөлісті.
Шара аясында есімі күллі түркі жұртына мәшһүр Темірбек Жүргенов туралы тың деректер мен жаңа зерттеулер туралы мектеп оқушылары баяндамалар оқып, сахналық көріністер көрсетті.
16 сәуір 2019 ж. 622 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области