Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 17 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

17 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызмет күні. 1918 жылы сәуірдің 17-де кеңестік республикаларда «Өртпен күресудің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» декретке қол қойылды. Бұл күн Қазақстан Республикасында және бұрынғы КСРО республикаларында өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылған күні ретінде атап өту қабылданған. Бүгінгі таңда елімізде аталмыш қызметтің құрамында 13 мыңға жуық адам қызмет етеді. Өрт бөлімшелері 3 мыңға жуық негізгі және арнайы өрт машиналарымен және басқа да өрт сөндіретін құрал-жабдықтармен жарақтанған.

1968 жылы «Жануарлар әлемінде» телебағдарламасы алғаш рет эфирге шықты. Аталмыш бағдарламаның негізін қалаушы және тұңғыш жүргізушісі кинорежиссер, КСРО-ның халық әртісі Згуриди Александр Михайлович болды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы қабылданды.

2009 жылы Астанада Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және «ТеңізШевройл» ЖШС Қазақстанда кедендік рәсімдеудің ілкі жобасын іске асыру бойынша меморандум қабылдады.

2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Суринам Республикасы тұрақты өкілдерінің деңгейіндегі бірлескен коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. Қазақстандық тараптан құжатқа ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, Елші Б.Әйтімова, Суринам тарапынан бұл елдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Хенри Мак Дональд қол қойды.

2014 жылы Мемлекет басшысы Алматы қаласының шекараларын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Енді оның құрамына Алматы облысының жалпы ауданы 23200 гектар жері, соның ішінде Іле ауданы (604,6 га), Қарасай ауданы (16069,7 га) және Талғар ауданы (6525,7 га) кірді.
17 сәуір 2019 ж. 439 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области