Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ - 100 ЖЫЛ

ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ - 100 ЖЫЛ

1918 жылғы 17 сәуірде КСРО-да «Өртпен күресудің мемлекеттік шараларын ұйымдастыру туралы» декретке қол қойылды. Бұл күнді бұрынғы КСРО-ның кейбір республикаларында, соның ішінде Қазақстанда өртке қарсы қызметтің ұйымдастырылған күні ретінде атап өту дәстүрге айналған.
  Бұл күні Қызылорда қаласында да өзгелерді құтқару жолында өз өмірін қатерге тігіп, өліммен бетпе-бет келетін батырларға құрмет көрсетілді.
  Дәлірек айтқанда, өртте қаза болған өрт сөндірушілердің құрметіне «Отқан оранған өрендер» ескерткішіне ардагерлер мен өрт сөндірушілердің гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
   Одан соң сала ардагерлері Қызылорда облысы ТЖД орналасқан азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің музейін тамашалады. Оған қоса №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне саяхат жасады.
Сонымен қатар, қаладағы «Болашақ» университетінің мәжіліс залында төтенше жағдай саласының ардагерлері мен қызметкерлердің қатысуымен салтанаты жиын болып өтті. Жиын барысында ұзақ уақыт абыроймен қызмет еткен 150 ардагерлер мен сала қызметкерлері «Өртке қарсы қызметіне - 100 жыл» медалімен марапатталды. Жиын соңы Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлерінің және «Абылайхан» колледжінің студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.                                                                                                                                          


20 сәуір 2018 ж. 619 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области