Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Арнау» тобында ән айтқан Жанар Хамитова мейрамханада ыдыс жуып, пәтер жалдап тұрып жатыр

«Арнау» тобында ән айтқан Жанар Хамитова мейрамханада ыдыс жуып, пәтер жалдап тұрып жатыр

Әнші Жанар Хамитова өз ақиқатын айтты. 11 жылдан соң қайта ел алдына шыққан әншінің айтары бар. Ол өткен өмірі жайлы сөз қозғады. Алдағы жоспарлары жайлы баяндады. Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.
Жанар қазіргі уақытта мейрамханада ыдыс жуады. Өзі пәтер жалдап тұрып жатыр. 5 жыл бұрын өнерге келуге көмек сұрағанымен, ешкімнен қолдау болмаған екен.
"Мейрамханада ыдыс жуып, күніне 4 мың теңге табам. Екі қолым бар, құдайға шүкір. Бәрі қолымнан келеді", - дейді әнші.
Бағдарлама қонақтарының кейбірі әншінің бұндай жұмыс істеп жүргеніне сенбеді. Нағыз хайп деп сынады.
Жанар бүгінде өзі жалдап алған пәтерінде ерлі-зайыпты достарымен бірге тұрып жатыр. Жаңа сәбилі болған жандармен көшеде танысып, өз пәтеріне әкелген.
"Әйелім Қырғызстан азаматшасы. Сондықтан босанған соң бірден елге бара алмады. Жұмыстағы кабинетке түнеп жүргенде Жанармен таныстым. Ол өз үйіне шақырды", - деді Бақытжан есімді азамат.
Әнші қыз біраз уақыт көрмеген анасымен бағдарламада кездесті. Анасы Жанардың пысық қыз болып өскенін айтты. Бала күнінен ән айтқанын, ерке қылықтарын еске алды. Қарқаралы елінен келген анна қызын көргеніне ризашылығын жеткізді.
17 сәуір 2019 ж. 873 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области